АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ “ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  "СТРОИТЕЛЬНО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ГОРОДА КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2016 жылға «Көкшетау қаласы, № 1 құрылыс-техникалық колледжі» КММ қызметі туралы есебі

15.03.2017

Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, №1 құрылыс-техникалық колледжі» коммуналдық мемлкеттік мекемесі өз құзыреттіліктерін  Қазақстан Республиксының Заңына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» стандарттарымен регламенттері арқылы жүзеге асырады.

Колледж көрсететін қызметтер:

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» қызметі 2016 жылы- 210 студенттке көрсетілді.

«Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» қызметі 22 түлекке көрсетілді (оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы – 21, қағаз нысанында көрсетілген- 1)

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» қызметі – 241;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» қызметі - 20;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» қызметі- 13;

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта ілімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» қызметі – 0.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: тегін және  қағаз жүзінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар және бекітілген мерзімнің бұзылуы болған жоқ.

2. Қызметті алушылармен жұмыс

Колледж сайтында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде мемлекеттік қызмет стандарты мен регламенті енгізілген, сондай-ақ қызметті алушыларға арналған қажетті ақпараттар орналасқан.

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің анықтығын көрсетуге бағытталған жиналыстар өткізілді.

Мектептің қасбетінде ақпараттық стенд, онда  мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарттар орналасқан.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау

         Колледж директорының бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты тұлғалар бекітілген.

 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ай сайын мониторинг жүргізіледі.

         2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылмады.

         4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушының қанағатаннарлығын көтеру және алдағы

тиімділік жолдары

         2017 жылы мемлекеттік қызметтің сапасы  мен жеке және заңды тұлғаларға қолжетімділігін қамту бойынша жұмыс жалғастырылады.

 Ақмола облысы білім басқармасы өткізетін семинар және жиналыстарда мамандардың қатысуы жоспарлануда.

Просмотров: 242


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст