АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ “ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  "СТРОИТЕЛЬНО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ГОРОДА КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КӨРКЕМ-ӨНЕРПАЗДАР БАЙҚАУЫ

12.04.2019

Талантты өнер иелерін анықтап, мәдени рухты көтеру мақсатында жылдан жылға өткізіліп келе жатқан «Ақмола жұлдыздары» атты көркемөнерпаздар байқауы 5 сәуір күні «№1, құрылыс-техникалық» колледжінде өтті. Бұл байқауда орындаушылармен шығармашылық ұжымдары өнер көрсеттi. Байқауға  дейiн жиылған қауым  қолөнер шеберлерi дайындаған көз тартар көрменi тамашалады. Өзiндiк дәстүрi, мәртебесi бар бұл ауқымды жоба облысымыздың көркемөнерпаз әртiстерiнiң талантын ашуға, шығармашылық әлеуетiн танытуға зор мүмкiндiк бередi.

Сахна шымылдығы жастар туралы видеороликпен және сахна сыртындағы қанатты сөздермен ашылды. Кейін студенттер флеш-мобы мен рэппен жалғасып көрермендер көз жауын алды. Музыка  жетекшісі Сәкен Нұрғиса, Методист Хасенова А.М  және өндірістік оқу щебері Айткожин А.Б. , ОП – 10 тобының білім алушысы Ерханат Бауыржан, ТМ – 12 тобының білім алушысы Прохач Александра, ОП – 20 тобының білім алушысы Сайлаубек Саян өздерінің  соло әндерін нақышына келтіре шырқады. ДПИ – 28 тобының білім алушысы Далабай Рысбекте керемет өнерімен дүйім жұртты тәнті етті. «Мұрагер» халық аспаптық ансамбліде барын салып өнерлерін көрсетті. Және де көркемдік  жетекшісі Галяутдинова Марияның ұйымдастырылуымен  колледждің педагогикалық ұжымы және студенттер хорыда барынша ат салысты. Ал би ұжымының жетекшісі Алёна Геннадьевна  ерекше композициясының жаңашылдығымен , мың бұралған бишілері бұл жолы да жақсы өнер көрсетті.  Байқау соңында қазылар алқасы жылы лебіздерін білдіріп,  мәдениет саласына сүбелі үлес қосып жүрген қызметкерлерімізге алғыстарын білдірді. Рухани әсер алып, бір серпілген көрермендер ризашылықпен тарқасты.

       

Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст