27.02.2019 жылы 5 құзыреттілік бойынша Көкшетау қаласы, №1 құрылыс-техникалық базасында Worldskills Kazakhstan аймақтық чемпионатының екінші күні өтті.
- «Аспаздық іс»;
- «Бояу және сәндік жұмыстар»;
- «Столярлық іс»;
- «Электроника»;
- «Сәндік-қолданбалы өнер («Abilimpic»).
«Столярлық іс» құзыреттілігі бойынша «Қосуды қалыптастыру және баспалдақты жинақтау» 2 модульді орындауда бас сарапшы Курсарин К.А. чемпионат қатысушыларының жұмыстары бағалап, техникалық сарапшыларға баға берді.
«Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша бүгін жемістер мен көкөністерден крем-сорпа (Модуль 2), теңіз тағамдардан суық дәмтатым (Модуль3), көкөністі гарнирмен және екі тұздықпен бөденеден ыстық дәмтатым дайындалды.
Конкурстық күндердің кернеуін шешу үшін жатақханада танысу кештері, бейнефильмдерді көру, үзілістерде кофе-брейк өтті.
«Бояу және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша «Түсқағаз», «Қатты фреска» модулдерді орындау өтті, бас сарапшы - Токарев В.В., «Регион строй» ЖШС менеджері.
«Электроника» құзыреттілігі бойынша 2 модулдің орындалуы өтті. Қатысушылар макеттік планкаға радиоэлементтердің монтажын орындады және ұсынылған құжаттамаға сәйкес «FM радиоприемник» құрылымның жұмыс қабілеттілігін тексеру тиіс болды. Бас сарапшы Ахметов Е.Б., НЗМ электромеханик.
«Сәндік-қолданбалы өнер және халық кәсіпшілігі» құзыреттілігі бойынша («Abilimpic») 2 модуль орындалды. Қатысушылар геометриялық оюды орындауға қажет болды.
Барлық қатысушылар конкурс өткізу алаңында жұмыс кеңістіктің шектелуіне байланысты кеңістік талаптарды назарға алуға қажет болды.
WorldSkills Kazakhstan «Жас шеберлер» аймақтық чемпионатына №8, 17, 19 қала мектептерінің оқушылары шақырылды, олар осы конкурстың маңыздылығын көрді. Балалар қатысушылардың жұмыстарын бақылап, техникалық сарапшыларға сұрақтар қойды. Кәсіби бағдар бойынша осы жұмыс оқушыларға кәсіптік құзыреттіліктердің дамуын көруге мүмкіндік берді. Өз көзімен көрген жұмыс мамандықтардың беделін көтеруге, болашақ мамандықты таңдауға көмек береді. Аймақтық Чемпионатқа екі күн аралығында оқу мекемеге 66 оқушы келді.
Чемпионаттың қатысушыларына жақсы кәсіптік жетістіктер тілейміз!