Семинар тақырыбы:"Суицидтің алдын алу бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу".
Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез – құлқының алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 30 қаңтарында "Көкшетау қ. №1 құрылыс-техникалық колледжі" базасында Ақмола облысы колледжінің психологтарымен оқыту семинары өтті. "Bilim foundation" қорының басшысы Б. Ө. Ракушев осы бағыттағы жұмысты қалай жүйелендіруге кеңес берді. Ермұханова И. И. Ақмола облысы ББ ОӘК тәрбие бөлімінің әдіскері жасөспірімдердің өміршеңдігін қалыптастыру аясында білім беру жүйесінің барлық құрылымдарының өзара әрекеттестігінің тиімділігі туралы айтты. Семинар барысында "кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу" бағдарламасына қатысты сұрақтар талқыланды.