АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ “ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  "СТРОИТЕЛЬНО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ГОРОДА КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл - ең асыл құндылық

22.09.2021 Әр мемлекет халқын рухани және ұлттық құндылықтар біріктіреді. Олардың бірі – тіл. Құрылыс-технологиялық колледжінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – ең асыл құндылық» атты дәстүрлі концерті өтті. Концертке әр ұлт өкілдерінің студенттері қатысты. Концерттің беташарын “Шашу” биімен ашты. Құттықтау сөз колледж басшысы Бегайдаров Е.Б. берілді. Концертте Тілдер күні қарсаңында өткен «Тілдің тірегі өзіміз» эссе сайысы, мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздарын марапаттады. Қазақстан халқының бірлігін, жастардың отансүйгіштігін көрсеткен әр ұлт өкілдерінің тіл туралы өлеңдері, әсем билері, керемет әндері жиналған қауымның көңілінен шықты. Залда отырғандардың барлығы өзін «Қазақстан» атты үлкен мемлекеттің бір бөлшегі ретінде сезініп, бойларында бір қуаныш, мақтаныш сезімі ұялады. Концерт соңында “Атамекен” әнін орындағанда залда жиналған қауым тұрып, туған жерге, елге деген, тілге деген ыстық сезімдерін білдірді.
Просмотров: 111


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст