АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ “ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  "СТРОИТЕЛЬНО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ГОРОДА КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жігер» облыстық спартакиадасы.

29.10.2020 2020 жылғы 13-16 қазан аралығында Ақмола облысы білім басқармасының жанынандағы Облыстық дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери дайындық оқу-әдістемелік орталығы «Жігер» облыстық спартакиадасының бағдарламасына кіретін Ақмола облысы колледждерінің студенттері арасында «Отан қорғаушы» әскери-спорт кешенінің нормативтерін орындау бойынша облыстық жарыстарды қашықтықтан ұйымдастырды. Аталған жарыстарға Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінің оқу орнының "Жас Қыран" әскери-патриоттық клубының мүшелері Кацевич Кирилл (СД-16 тобы) және Пугачев Филат (РМ-27 тобы) құрамындағы командасы қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Пугачев Филат 464 ұпаймен жеке есепте бірінші орынды, ал жалпы командалық есепте СТК командасы құрметті 2 орынды иеленді. Құрылыс-технологиялық колледжінің командасын жүлделі орынмен құттықтаймыз және балаларға денсаулық, жоғары нәтижелер мен жарқын жеңістер тілейміз.
Просмотров: 463


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст