24.09.2020
Құрылыс-технологиялық колледжде 1 курс студенттерінің ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді. Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде қашықтықтан оқыту мәселелері қаралды. Ата-аналар College SmartNation платформасының жұмысымен, қашықтықтан оқыту кестесі мен сабақ режимімен танысты. Топ кураторлары ата-аналарды қашықтықтан оқытудың алғашқы апталарының қорытындыларымен таныстырды.
Колледж психологы И. И. Кудабаева ата-аналар алдында "Денсаулықты және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу" тақырыбында сөз сөйледі.