АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ “ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  "СТРОИТЕЛЬНО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ГОРОДА КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

VIIІ облыстық ұлттық жастар дельфийлік ойындары

23.10.2017

Дельфийлік ойындар –өнердің барлық түрлерін біріктіретін (бейнелеу, орындаушылық, қолданбалы, тілдік, әлеуметтік, экологиялық), қазіргі таңда өзекті өнер саласындағы жас кәсіпқойлардың кешенді сайыстары.

         Ойындар арқылы мәдени мұраны сақтау, жас таланттарды іздеу және қолдау, өскелең ұрпақты эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу, тұлғаның рухани тұрғыдан кемелденуі, мәдениетаралық сұхбат пен мәдениеттердің сан алуандылығын дамыту  нәтижелі көрініс табады.

2017 жылғы 20-21 қазан аралығында Көкшетау қаласында VIIІ облыстық ұлттық жастар дельфийлік ойындары өтті.  №1 құрылыс-техникалық колледжінің студенттері оған қатысты. 

  «Ымдау тілдегі әндер» номинациясында 3 курс студенті Қуатов Асылхан әні Э.Берғалиевтікі, сөзі А.Мейраштікі «Қараторғай» және сөзі мен әні О.Газмановтікі «Ана» әндерін орындады. Әділ-қазылар алқасы Асылханның дарындылығын бағалап, оған медаль мен бірінші дәрежелі дипломды табыс етті. 

«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясында СҚӨ-39 тобының студенті Мұхамедқали Бауржан бірінші орын алды.  Жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға Республикалық ұлттық жастар дельфийлік ойындарында жаңа жеңістер тілейміз. 

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст