АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ “ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  "СТРОИТЕЛЬНО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ГОРОДА КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ең үздік өндірістік оқыту шебері

23.11.2017

2017 жылғы 16-47 қараша аралығында Щучинск қ. экология және орман шаруашылық колледжінде «Ең үздік өндірістік оқыту шебері – 2017» байқауы өтті. Осы байқауға Ақмола облысының барлық аймақтарындан 19 өндірістік оқыту шеберлері қатысты. 

Біздің колледждің абыройын байқауда құрылыс кезеңінің өндірістік оқыту шебері Құсайынова Балдырған Майлыбайқызы қорғады.   

Байқаудың бағдарламасы 3 кезеңнен құрылды. Бірінші кезең – «Мен өндірістік оқыту шеберімін!» атты шебердің өзін-өзі ұсынуы.  

 «Шығармашылық шеберхана. Көрме» Екінші кезеңде Балдырған Майлыбайқызы әдістемелік әзірлемелерді, жинақталған тәжірибені ұсынатын грамоталарды, алғыс хаттарды ұсынды. 

Үшінші кезең – «Тәжірибелік оқыту». Осы кезеңде әр қатысушы өзінің тәжірибелік сабағын әр түрде көрсетті. 

Комиссия шешімі және ұпайлардың саны бойынша Балдырған Майлыбайқызы үшінші орынға ие болды. 

Жеңіспен құттықтаймыз және жұмысыңызда болашақ кәсіби табыстар тілейміз!

Просмотров: 270


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст