Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнінің қарсаңында Көкшетау қаласынында облыстық Кәсіподақ үйінде кәсіптік және техникалық колледждерінің кәсіподақ қызметкерлерінің қатысуымен кезекті жұмыс семинары өтті.
Семинарды Ақмола облысының кәсіподақ ұйымының төрағасы Б. Абдрахманов ашты. Отырыс тыңдаушыларға белсенді түрде бірлесіп жұмыс істегеніне өз алғысын білдіріп, кәсіподақ саласында үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлерге құрмет наградалар мен Құрмет грамоталарды тапсырды.
Марапатталған қызметкерлердің ішінде Көкшетау қаласының № 1 құрылыс-техникалық колледжінің кәсіподақ төрайымы Ғайни Өмірбайқызы Дюсенова да болғаны колледж ұжымына қандай жоғары көрсеткіш. Оны Қазақстандық салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы М. Амантаевадан «Білім және ғылым қызметкелері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» күміс белгісімен марапаттады.
Колледж директоры А. Омаровпен бірлесіп, кәсіподақтық жұмысты басқаруды дұрыс жолға қоя білген Ғайни Дюсенованың басты мақсаты - кәсіподақ ұйымдарын жандандыру, кәсіподақ жұмысын нарықтың талаптарына бейімделген етіп түбегейлі өзгерту, еңбек адамына тиімді әрі нақты қорғауды қамтамасыз ету болған.
Құрметті Ғайни Өмірбайқызы, Сіздің адал еңбегіңізді бағалай отырып,
алдағы жұмыстарыңызға жоғары жетістіктерді тілейміз.