Елбасының «Рухани жаңғыру болашаққа бағдар » бағдарламасының аясында Көкшетау қаласының облыстық білім бөлімінің ұйымдастырумен мемлекетіміздің бас қаласы Астанаға 9 желтоқсан күни Көкшетау қаласының № 1 Құрылыс – техникалық колледжінің және басқа да колледждердің студенттер мен оқытушылары саяхатқа бардық. Іс –шараның басы қаланың негізгі алаңында шеру ұйымдастырумен басталып, жиналғандарға рухани азық және патриоттық сезім ұялататындай жақсы тілектер айтылып, үлкен сапарға шығарып салды. Астана бізді өзінің жылы сезімдерімен құшағын айқара ашып қарсы алды. Барлығымыз бір адамдай қала ұйымдастырған шараға белсене араластық. Астананың опера және балет театрын көрмеген әр студенттің көзінен қуаныш сезімі байқалып тұрды. Барлығымызды есік алдынан бастап жақсы қарсы алып ,кеткенге дейін көрсеткен қызметтері үшін айтар рахметімізде шек жоқ. Әсіресе , бізге ұнағаны Анри Жорженің романы бойынша қойылған Джакомо Пуччинидің «Богема» операсы болды. Сахнадағы Парижді суреттейтін декорация, әртістердің киімі, ойнаған рольдері әрбіріміздің жүрегіміздің түбінен кетпестей орын алды. . Операның мазмұнының өзі адамға рухани азық бергендіктен, оны естіген әр баланың әсемдік әлемі тағы бір жақсы шарамен толықты десек қателеспейміз. Рухани жаңғырудың басты мақсаты өсіп келе жатқан жасөспірімдерге рухани адамгершілік тәрбие беру болса, осы тәрбиенің бір ұшығын барғандар толық мәнді алды деуге болады. Елімізде бар барлық жетістіктер мен жемістердің бастамасы осы жастардан басталатынын бәріміз білеміз, сондықтан біздің Көкщшетау № 1 Құрылыс – техникалық колледжі әр бастамаға бел байлап кірісіп , өз үлесімізді қосатынымызға біз кәміл сендіреміз.