31.01.2024
Жаңа күнді таза ауада дене шынықтырумен бастау қандай тамаша! Өйткені, таза ауаның денсаулыққа әсері баға жетпес екенін бәрі біледі! Колледж оқытушылары дене шынықтыру сабағында салауатты өмір салты қағидаттарын сіңіріп, студенттердің дене қасиеттерін жетілдіреді. Сол арқылы олардың денсаулығын, эмоционалдық-психологиялық аясын нығайтады. Дене тәрбиесі денсаулықты дамытуға және сақтауға көмектеседі. Спорт сіздің күш-қуатыңызды сынап, өзіңіз бен қарсыласыңызды жеңу қуанышын сыйлайды.