Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 478 бұйрығына сәйкес колледжде 1 қыркүйектен бастап эксперимент режимінде 10130300 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы, 3W10130301 "Кондитер-безендіруші", 3W10130302 "Аспаз" екі жұмыс біліктілігі бойынша қала мектептерінің 10 сынып оқушылары оқиды. Оқу мерзімі - 1 жыл 5 ай.
Бүгінгі күні Көкшетау қаласының білім бөлімімен мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғарыда аталған жұмыс біліктіліктері бойынша колледж базасында жалпы білім беретін мектептердің (мектептерде оқуды жалғастыратын) 10-11 сыныптарының білім алушыларын даярлау бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, колледж, мектеп және білім алушының ата-анасы арасында үшжақты шарттар жасалды.
Оқушыларға тамақ дайындаудың негіздерін 2 өндірістік оқыту шебері және 3 арнайы пән мұғалімдері үйретеді. Оқушылар күн сайын мектепте сабақ аяқталғаннан кейін колледж қабырғасында оқуын жалғастырады. Оқу жүктемесінің көлемі күніне 4 сағаттан аспайды.
Бұл білім беру бағдарламасы оқушыларға жұмысшы мамандығы бойынша орта кәсіптік білім туралы диплом алуға мүмкіндік береді.
Заманауи жабдықтармен жабдықталған оқу зертханаларында өтетін практикалық сабақтар балалардың ерекше қызығушылығын тудырады.