Текст
Қазақстанда еріктілер жылын өткізу аясында, 2020 жылдың 27 ақпанында "Достар" МҮ Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаевтың қатысуымен"Біз біргеміз!" ұранымен еріктілердің фронт-кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Кездесуге колледж еріктілері арасынан белсенділер мен көшбасшылар қатысты. Олардың қатарына біздің Көкшетау қаласының құрылыс - технологиялық колледжінің студенттері де кірді.