Текст
4 ақпан күні Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжінде "Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" декадасы шеңберінде "Бөбек" балалар қорының негізін қалаушы және президенті, "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған "Балаларға арналған жүрек" тақырыбында тақырыптық сынып сағаттары өтті.
Сонымен қатар, колледж көшбасшысы, оқу орнының 3 курс студенті Жаркинбаев Данияр "Рахат Добро" және "Феникс" волонтерлік орталықтарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Олар орталықтың жұмысымен таныстырып, колледж студенттері арасында волонтерлік қозғалысқа тарту бойынша үгіт-насихат іс-шараларын өткізді.