Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - бұл мемлекетіміздің басты ұлттық мейрамы. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 28 жылдығын атап өтеді. Қазақстандық патриотизмді, студенттердің белсенді азаматтық және патриоттық санасын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған колледжде іс-шаралар өткізілді.
Кітапхананың оқу залында тақырыптық кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Топ кураторлары «Менің жерім- менің Қазақстаным» тақырыбында кураторлық сағаттарын ойын, дөңгелек үстел, әңгіме түрінде өткізді. колледжде Тәуелсіздік күнін мерекелеудің нәтижесі «Тәуелсіздік - бабалар аманаты» атты салтанатты іс-шарамен аяқталды.
Бұл іс-шараға колледж оқытушылары А.Оспанова, Т.И.Пишукова, Е.Магауинова, А.Ж.Бабина, сондай-ақ ОП-10Б және РМ-27 топтары жауапты болды.
Көрермендер осы шараға қатысқан студенттердің шығармашылығы мен шеберлігін жоғары бағалады.
Пятигорный Александр