Көкшетау қаласының №1 ҚТК - әлеуметтік серіктестік бұл процесстің барлық қатысушыларының мүдделерін барынша үйлестіруге және іске асыруға бағытталған, еңбек нарығының субъектілері мен институттарымен, білім беру қызметтерімен, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен колледждердің өзара іс-қимылының ерекше түрі. Білім беру мазмұны саласындағы әлеуметтік серіктестермен өзара әрекеттесудің маңызды бағыты олардың оқу- тәрбиелік процесін ұйымдастыруға қатысуы, сала мамандарына қойылатын қазіргі және болашақ талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын қалыптастыру болып табылады.
Әлеуметтік серіктестік студенттерге практикалық білім беруде маңызды рөл атқарады. Ол үшін кәсіпорындардың заманауи технологиялық базасын қолданатын студенттерге практикалық сабақтарды ұйымдастыру, өндірістік серіктестіктер мен ТжКБ жүйесінің оқу орындарының материалдық базасын дамыту және кеңейту бойынша әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту қажет. Бұл бағытта «Алина Групп» ЖШС-мен жемісті ынтымақтастық орнатылған , директоры Қайырбеков Р.К. ұсынған .
Оқу орны мен ұйым арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Демеушілік серіктестіктің көмек құрылыс материалдары түрінде ұсынылады. 2018 жылы «Алина Групп» ЖШС-нің көмегімен ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған оқу аудиторияға күрделі жөндеу жүргізілді. Енді ескі кабинеттің орнында заманға сай оқу аудиториясы орналасқан ,интерактивті модуль мен жаңа жиһазы бар.Жаңа модуль алу үшін Ақмола облысының Білім басқармасы 14млн. теңге көлемінде қаржы жұмсады, жиһазды оқу мекемесі арнайы қаржы арқылы алды.