АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ “ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  "СТРОИТЕЛЬНО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ГОРОДА КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазіргі әлемдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.

10.10.2019

8 қазанда №1 құрылыс-техникалық колледж студенттері мен Жастар комитетінің төрайымы Ақмола облысы әкімінің жанындағы «Коғамдық келісім» КММ-де Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  агенттігі өкілдерінің қатысуымен «Қазіргі  әлемдік   сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты диалог алаңына қатысты. Бұл іс-шараның спикері «AQMOLA-Адалдық Alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тайтенова Самира Өмірбайқызы болды.

МС-39 тобының колледж студенттері Евгения Гаврилова, Дмитрий Денисов, Тамара Денисова және Ксения Пузеева бұл диалогқа белсенді қатысты.
         Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің арнайы мониторинг тобының жетекшісі Шул Владислав Людвикович сұхбат алаңының мақсаты - жемқорлық көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болатынын  атап өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейіне жастардың мінез-құлқының этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі нормаларын беретін білім беру саласын толық қамту арқылы қол жеткізуге болатындығы туралы айтты. Ол оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жандандыруға баса назар аудару туралы айтты.
       Бұл бағытта біздің колледжде Саналы Урпак ерікті клубы белсенді жұмыс істейді.

Просмотров: 248


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст