Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Чеша Т.Г. басшылығымен «Шабыт» әдеби клубы мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырып өткізді. Сайыс колледждің кітапханасында өткізілді, осында қатысушылыр әдебиет әлеміне түскендей болды. Студенттер Отан туралы, тілдің маңыздылығы туралы, жыл мезгілдері туралы қазақ, орыс, ағылшын және таджик тілдерінде өлеңдер оқыды. Мәнерлеп оқушылар тыңдаушыларға өлеңнің тақырыбын, автордың көңіл-күйін жеткізуге тырысты.
Біздің колледжде 10 ұлттан астам оқиды. Балалар өздерінің ана тілдерін білгені қуантады. Сайысты бастаған әдеби композицияда неміс, украин, белорус, орыс, татар, ингуш, өзбек тілдерінде өлеңдер оқылды. Әр сайыстың жеңімпазы болу керек. Табан тірескен сайыста І курс ТМ-12 тобының студенті Дадамирзаев Исламбек жеңімпаз атанды. Сайыстың мақсатын мына өлең жолдары көрсетеді:
Объединяет много наций Казахстан
И президент наш утверждает: «Нужно,
Чтоб был один язык народов разных стран
И это, несомненно, язык Дружбы!»
Чеша Т.Г.