20 қыркүйек күні №1 құрылыс-техникалық колледжінің акт залында 5 қыркүйекте басталған «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне арналған онкүндіктің салтанатты жабылуы өтті. Жүргізушілер онкүндік ішіндегі өткізілген іс-шаралдармен таныстырды. Танысу барлық іс-шаралардың өткізілуі туралы фотоесеп және презентация көруден басталды.
Колледж директоры А.Б. Омаров онкүндікке белсенді қатысқан студенттерді, түрлі сайыстар жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапаттады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілді үйреніп, білулеріне ерекше тоқталды.
Сайыс жеңімпаздарының орындауында бірнеше тілде өлеңдер оқылды. Мереке күндері ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған колледжде челлендж жіберілді.
Колледж оқытушылары және студенттер Абайдың шығармашылығынан білімдерін көрсетті: әндерін айтып, өлеңдерін оқыды.