Текст
Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында РМ-17 тобының , Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжінің 1 курс студенттері 2019 жылы 19 қыркүйекте Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапханаға саяхат жасады. Бұл экскурсияның мақсаты кітапханашының еңбегімен, оның еңбегінің маңыздылығымен танысу, кітаптарға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және оларға ұқыпты қарау болды. Әрине, алдағы студенттік өмірге деген қызығушылықты тереңдету. Колледж тыңдаушылары кітапхана ғимаратын қарап шығып, жағдаймен танысты, кітапхананың негізгі құндылығын кітаптар құрайтынын білді. Кітапхана қызметкерлері көп қызықты және танымды ақпарат беріп, кітапханаға бару ережелерімен таныстырды.