21.04.2022
Облыс әкімі Ермек Маржикпаев қала бойынша жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы құрылыс-технологиялық колледжінде болды.
🧑🏻🔧 — Ағаш ұстасы, дәнекерлеуші, әрлеуші – қазіргі таңда халық шаруашылығында жетіспейтін маңызды мамандықтар, — деді аймақ басшысы. № 1 құрылыс-техникалық колледжінің заманауи үлгідегі жабдықталған оқу шеберханаларын аралау барысында студенттермен әңгімелесті.
📍 - Балаларды өздері таңдаған мамандыққа қызықтырыңыздар, - деп облыс басшысы ҚТК мұғалімдерінің шығармашылық тобына ұсыныс жасады.
📌 «Жас Маман» ұлттық жобасының сұранысқа ие жүз мамандықтың қатарына колледждің бес мамандығы енгізіліп, 2020 жылы оқу орнының шеберханалары мен зертханалары құны 380 миллион теңгеден астам заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды.
https://apgazeta.kz/2022/04/20/vdohnovit-na-uspeh/