Біліктілік емтихан
Бүгін, 2019 жылғы 18 маусымда «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы, аспаз-кондитер біліктілігі бойынша ТҰ-30 тобында біліктілік емтихан өтті. Біліктілік емтихан мүшелері ретінде жұмыс берушілер үлкен жұмыс өткізді: Жанабергенова Ж.К., - «Бақсарай» мейрамханасы, Хасенова М.Е. – «Достық» СМО, Медеталиев А.Р. – «Золотая антилопа» мейрамханасының бас аспазшысы, Халикова А.В.- «THEBEZE» дәмхананың кондитері, Ақмола облысының «Атамекен»кәсіпкерлер паласынан адамгершілік капитал бөлімінің басшысы Нурахметов Д.Д. қатысты.
ТҰ-30 тобының студенттері өндірістік оқыту шебері Искакова А.Е. бірге емтиханға кәсіптік дайындығын және жақсы нәтижені көрсете білді: 5 адам 5 разряд, 6 адам 4 разряд, және 15 адам 3 разряд алды. Балаларды шын жүректен біліктілік емтиханды тапсыруларымен құттықтаймыз!