Текст
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Көкшетау қаласының "Тәуелсіздік" алаңында Ақмола білім басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара, сап және ән байқауы өтті.
Колледж директоры Омаров Алпысбай Баржақсынұлы Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, подполковник Р. Қасымовтың алғыс хатымен марапатталды. Іс-шараға №1 Көкшетау құрылыс-техникалық колледжінің "Жас қыран" әскери-патриоттық клубының мүшелері С. М. Сүлейменовтың басшылығымен қатысты.