АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ “ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  "СТРОИТЕЛЬНО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ГОРОДА КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық сананың сәулесі

24.02.2022 Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Құрылыс-технологиялық колледжі акт залында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ СӘУЛЕСІ» тақырыбында әдеби сазды кеш өтті. Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. ТҰ-10, СТ-17, ЦТ-17, Т-12, ТЭ-23 топ студенттері ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын жатқа оқыды. Біржан Сал атындағы музыкалық колледж студенттері Сергазина Акниет «Аққұм” әнін орындап, Ахметжанова Айгерим “Ықылас” күйін орындады. Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Колледж әкімшілігі тарапынан шараның ұйымдастырылуы жоғары өткендігі аталып, өз ризашылықтарын білдірді.
Просмотров: 222


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст