15.12.2021
14.12.2021 жылы Құрылыс-технологиялық колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.
Салтанатты іс-шараның мақсаты:
азаматтық және патриоттық сезімді тәрбиелеу;
ҚР тарихының негізгі даму кезеңдерін қадағалау;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу;
өз халқының тарихи ескерткіштері мен тарихи мұрасына ұқыпты қарау;
өз Отанының тарихын зерттеуге қызығушылықты дамыту.
Колледж басшысы Е.Б. Бегайдаров бүкіл ұжымды және студенттерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
16 желтоқсанда біздің Республикамыз айтулы мереке — Тәуелсіздік Күнін атап өтеді! Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы көптеген жылдар бойы өмір сүріп, гүлденуде! Біз сіздерді жас, еркін, тәуелсіз мемлекеттің 30 жылдығымен – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!