03.12.2021
02.12.2021 ж. "Жастардың болашаққа бағдар жолы" жастар және жастар ұйымдары форумы аясында Көкшетау қаласының әкімі Б. Ғайстың қатысуымен диалог алаңы өтті.
Диалог алаңы барысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша маңызды мәселелер, жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің проблемалық мәселелері көтерілді.
Форумға және диалог алаңына Көкшетау қаласының құрылыс - Технологиялық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Е. М. Хрипко қатысты.
Диалог алаңы аяқталғаннан кейін қатысушылар Көкшетау қаласы әкімінің "Алғыс хаттарымен" марапаттау церемониясымен мерекелік концертке өтті.