02.12.2021
1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. Дәл осы Нұрсұлтан Назарбаев демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне аса зор үлес қосқан, қазақстандық мемлекеттілікті құрудың бастауында тұрған көрнекті тұлға болып табылады. 30 жыл бойы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Айтулы күннің құрметіне колледжде кураторлық сағаттар өткізілді. Аталған іс-шара студенттердің назарын Тұңғыш Президенттің ерен еңбектеріне аударуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімдерін бекітуге, сондай-ақ өзін-өзі дамыту дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған.