25.11.2021
«Талап» КЕАҚ және Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті колледж басшыларының орынбасарларына арналған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының тиімділігі» атты біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. Курстарда оқытудың жаңа форматы бар: теориялық дайындықтан кейін курстардың екінші аптасы құнды тәжірибені үйрену үшін табысты колледж базасында тағылымдамадан өтеді. Колледжімде озық тәжірибені зерделеп, енгізу мақсатында Ақан-сері атындағы мәдениет колледжінде тәжірибе ұйымдастырылды. Әріптесім оқу ісі жөніндегі орынбасары Баткулдина Райхан Балтабекқызына ұсынылған материал және колледжге экскурсия жасағаны үшін алғысымды білдіремін.