17.11.2021
Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы «Қазақстандық инновациялар» қоғамдық қорымен бірлесіп шығармашыл және бастамашыл жастарды дамыту және қолдау мақсатында «AQMOLA POWER» облыстық инновациялық идеялар мен жобалар байқауын өткізді. Бұл байқауға оқушылар, студенттер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты.
Бұл байқауға Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінің студенті – Коробенко Елена қатысып, сертификатпен марапатталды. М.Ж.Шалабаева, А.С.Кенжибаева жетекшілерімен бірге. «Қалдықтарды шығаруға арналған автоматтандырылған контейнер» жобасы таныстырылды.