11.11.2021
Ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің архивисі А. К. Алдибекова және археографы Г. К. Касимова «Ақмола дивизияларына 80 жыл» атты фотоқұжаттық көрме дайындап өткізді. Көрмеге Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінің студенттері шақырылды.
СТ-17 тобының студенттері тарих пәнінің мұғалімі Б.Г. Сергазин және кітапхана меңгерушісі Ж.Қ. Шаймерденовамен бірге осы шараға қатысты.
Студенттерге жерлестеріміздің майданда және тылда жасаған ерліктері туралы айтылды, архивтік фотоқұжаттар көрсетілді. Балалар көрмеге үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, архив құжаттарына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, «Ақмола облысы архив құжаттарында» көрме залы бойынша экскурсия өткізілді.