22.10.2021
21.10.2021 жылы Көкшетау қаласының Мәдениет үйінде бейінді мамандардың қатысуымен "Ашық есік күні" шарасы өтті. Кездесуде Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы халыққа медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі бойынша жобаны іске қосқаны айтылды. Біздің белсенді балалар іс - шараға қатысып, біздің студент Тоғжанов Марат сұхбат берді. Кездесу соңында дәрігерлер одан әрі әрекет ету және қандай шаралар қабылдау және қандай маманға бару, COVID-19 вакцинациясы қажет пе, жоқ па деген негізгі кеңестер мен ұсыныстар берді.