25.09.2021
Қазақстанда Ұлттық халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі.
Маңызды аналитикалық деректерді алуға мүмкіндік беретін бұл ауқымды акция, соның ішінде:
1. халықтың нақты саны;
2. жас құрамы;
3. гендерлік құрам;
4. урбандалу дәрежесі;
5. тексерілген, негізделген басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті басқа да мәліметтер.
Халық санағын өткізу мерзімдері:
- 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 15 қазанға дейін онлайн-санақ сайтта sanaq.gov.kz;
- сайтқа тәулік бойы қолжетімділік қамтамасыз етілген;
- азаматтар қай жерде орналасқанына қарамастан виртуалды көмекшінің көмегімен өздеріне және отбасының барлық мүшелеріне санақ парақтарын толтырып, санақтан өз бетінше өте алады.