22.09.2021
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА «АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІКТІ ТУ ЕТКЕН МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН» АТТЫ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТУДЕ
Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тоқсан сайын «Адалдық сағаты» акциясын өткізеді.
20-24 қыркүйек аралығында өтетін кезекті «Адалдық сағаты» қазақ руханиятында терең із қалдырған, қаһар¬мандық, батырлық әрекетімен, ғылыми ізденістерімен, ұстаз¬дық және қалам¬герлік қабілет-дарынымен, жан дүниесінің кіршіксіз мөлдір тазалығымен өзге¬шеленетін тарихи тұлға - Кеңес Одағының Батыры, ғалым, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллинге арналған.