АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ “ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  "СТРОИТЕЛЬНО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ГОРОДА КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отчет

27.02.2026

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК.

Заңды мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы, 1А.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Колледж 10 (он) мемлекеттік қызмет көрсетеді.

- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну.

- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру.

- Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау.

- Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау.

- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.

- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру.

-Білім туралы құжаттар бойынша өзектендіру (түзету).

-Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау

-Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымдарына конкурсқа қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау.

2025 жылы колледжімен, 548 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

- электронды қүкімет порталы арқылы – 20 мемлекеттік қызмет;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 14 мемлекеттік қызмет;

- Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;

- Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта – 146 мемлекеттік қызмет.

- Қағаз түрінде - 368

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар 5 өтініш бойынша берілді, оның ішінде: 3 – электрондық формата және 2 – қағаз форматында.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

- Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау.

2. Қызмет алушылар мен жұмыс

1) Ақпараткөздері мен қолжетімділікорындарытуралымәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат колледждің интернет-ресурсында https://pt0003.kokshetau.aqmoedu.kz/ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы колледждің ресми сайтында 3 жарияланым орналастырылды және теледидарда 1 сөйлеген сөз (сухбат) жазылды.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1.Сыбайлас жемқорлық тәуелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын артыру мақсатында колледж Akmola.kz бірынғай ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс істейді

1. 2022 жылдан бастап колледжде Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министірлігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, оның аясында College Smart Nation ақпараттық жүйесінде 10 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған

2. Колледжде мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3 қызметкер көрсетеді. Олардың ішінде екеуі 2025 жылы біліктілік арттыру курстарынан өтті

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары және мониторинг нысанында жүзеге асырылады

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша колледжге қатысты ескертулер жоқ

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызметалушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

- Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;

- Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- Электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 16


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст